$ 522.38  612.6  6.54

Геннадий Головкин Алматы қаласының әкімімен кездесті

Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың мүмкін бағыттарын, сондай-ақ қаланың спорттық инфрақұрылымының қазіргі жағдайын талқылады.

Фото: ҰОК
Фото: ҰОК

Алматы қаласында Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин мен қала әкімі Дархан Сатыбалдының жұмыс кездесуі өтті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың мүмкін бағыттарын, сондай-ақ қаланың спорттық инфрақұрылымының қазіргі жағдайын талқылады.

Сонымен қатар жаттығу үдерісіне қолайлы жағдай жасау мәселелері де сөз болды. Геннадий Головкин мен Дархан Сатыбалды бірлескен бастамалардың маңыздылығына ерекше назар аударды.

Тараптар ұйымдар арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған алдағы қадамдар жөнінде пікір алмасты. Сондай-ақ Алматы қаласының ірі спорттық жобаларды жүзеге асырудағы әлеуеті жоғары екені атап өтілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары