$ 517.66  606.49  6.44

Бокстан әлем чемпионы Алуа Балқыбековаға көлік сыйға тартылды

Алуа 51 келі салмақ дәрежесінде жұдырықтасады.

Фото: Instagram/balkibekovaas
Фото: Instagram/balkibekovaas

21 желтоқсанда атақты боксшы Алуа Балқыбековаға BYD маркалы автокөлік сыйға берілді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Осылайша Алматы қаласының бокс федерациясы халықаралық жарыстарда ел намысын абыроймен қорғап жүрген спортшыны ерекше атап өтті. Сыйлықты табыстау федерацияның жыл сайынғы конференциясы барысында өтті, ал іс-шарадан түсірілген кадрлармен Алуа Instagram парақшасында бөлісті.

Алуа 51 келі салмақ дәрежесінде жұдырықтасады. Ливерпульде өткен World Boxing бойынша соңғы әлем чемпионатында Балкибекова "алтын" медаль жеңіп алып, әлемнің екі дүркін чемпионы атанды.

Бұған дейін қазақстандық тағы бір боксшы Балауса Мүздіман 27 желтоқсанда Алматыда өтуі тиіс жекпе-жегінің өтпейтінін мәлімдеген болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары