Боксшының таңдауы блогер Аяжан Аяшева есімді аруға түскен.
Қазақтандық танымал боксшы Дулат Бекбауов шаңырақ көтерді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Боксшының таңдауы блогер Аяжан Аяшева есімді аруға түскен.
Жас жұбайлар әлеуметтік желіде өздерінің шаңырақ көтерген фото, видеоларын жариялады.
Желі қолданушылары қос ғашықты құттықтап, жылы лебіздерін жазуда.
“Бақытты болыңдар!, “Екі жасқа тек ғана бақыт тілейміз!”, “Дулат әлемдік ареналарда жеңіске жеткенде дәл мұндай бақытты болмаған шыған. Екі езу екі құлағында”, – деген сияқты жылы пікірлер толассыз жазылуда.
Айта кетейік, Дулат Бекбауов 2023 жылы Ташкентте өткен әлем чемпионатында күміс жүлде еншілеген. Сонымен қатар ол Париж Олимпиадасына да қатысуға мүмкіндігі болған еді. Алайда ел ішіндегі іріктеу турнирінде Мұхамедсабыр Базарбайұлына есе жіберіп, Таиландта өткен олимпиадалық іріктеу турнирінен тыс қалды.