Айта кетейік, “Қайрат” Чемпиондар лигасындағы соңғы ойынын 29 қаңтар күні сырт алаңда лондондық “Арсеналға” қарсы өткізеді.
Алматылық “Қайрат” Чемпиондар лигасы аясындағы үйдегі соңғы ойын бельгиялық “Брюгге” клубына қарсы өткізеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Goal.kz арнасының хабарлауынша, “Қайрат” бұл матчқа дайындық барысында Біріккен Араб Әмірліктерінде оқу-жаттығу жиынын өткізуді жоспарлап отыр.
Жылы климат пен заманауи инфрақұрылым команданың физикалық дайындығын қалпына келтіріп, тактикалық жұмыстарды пысықтауға мүмкіндік бермек.
Дереккөздердің мәліметінше, оқу-жаттығу жиыны кезінде алматылықтар жолдастық матч өткізуді де көздеп отыр. Ықтимал қарсылас ретінде Әзірбайжанның танымал клубы Бакулік “Нефтчи” қарастырылуда. Бұл бақылау матчы “Брюггеге” қарсы өтетін ойын алдында құрамның дайындығын тексеруге жақсы мүмкіндік болмақ.
Қазіргі таңда “Қайрат” турнир кестесінде Испанияның “Вильярреал” клубымен бірге 36-орында тұр. Команда Кипрдің “Пафосымен” өткен ойында 0:0 есебімен тең түсіп, бір ұпай еншіледі. Ал қалған кездесулерде “Спортингке” (1:4), “Реалға” (0:5), “Интерге” (1:2), “Копенгагенге” (2:3) және “Олимпиакосқа” (0:1) есе жіберді.
Айта кетейік, “Қайрат” Чемпиондар лигасындағы соңғы ойынын 29 қаңтар күні сырт алаңда лондондық “Арсеналға” қарсы өткізеді.