Федерация президентінің сөзінше, әзірге бұл мәселе бойынша нақты шешім жоқ.
Қазақстан футбол федерациясының басшысы Марат Омаров ұлттық құраманың жаңа бас бапкерін тағайындау жайына қатысты пікірін айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Бұл жөнінде «Дядя Ваня» Telegram-арнасы хабарлады.
Федерация президентінің сөзінше, әзірге бұл мәселе бойынша нақты шешім жоқ.
«Қазіргі уақытта бірнеше ықтимал кандидатпен келіссөздер жүріп жатыр. Талғат Байсуфиновпен де барлық талаптар мен шарттарды талқылаймыз. Келесі жылдың басында бұл сұрақтың нақты жауабы болады деп сенемін», – деді Омаров.
Сондай-ақ ол ұлттық құраманың алдағы FIFA Series турниріне дайындықты қазірден бастау маңызды екенін атап өтті. Бұл жарыс алғаш рет өткізілмек және келесі жылдың наурыз–сәуір айларына жоспарланған. Қазақстан турнирді қабылдайтын елдердің қатарында. Әр топта әртүрлі құрлықтың төрт ұлттық құрамасы бақ сынайды. Қатысушы командалардың толық тізімі келер жылдың басында белгілі болады.
Еске салайық, 2025 жылдың 30 қыркүйегінде Талғат Байсуфинов Қазақстан құрамасының бас бапкерінің міндетін уақытша атқарушы ретінде тағайындалған. Ол бұл қызметке отандық маман Әли Алиевтің отставкасынан кейін келген. Байсуфинов жетекшілік еткен кезеңде ұлттық құрама төрт ойын өткізіп, бір рет жеңіске жетті, екі матчта тең түсті және бір кездесуде жеңіліс тапты.