Ресми анонсқа сәйкес, Қуат Хамитов аталған кештің жүргізушісі болады.
Қазақстандық ММА файтері Қуат Хамитов 30 желтоқсанда Ереванда өтетін Hype FC турниріне шақырту алды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Ресми анонсқа сәйкес, Қуат Хамитов аталған кештің жүргізушісі болады. Турнирдің басты жекпе-жегінде UFC ұйымының өкілдері – жеңіл салмақта рейтингтің бірінші нөмірі, армениялық Арман Царукян мен дағыстандық орта салмақ файтері Шарабутдин Магомедов («Шара Буллет») кездеседі. Айқас бразилиялық джиу-джитсу ережелері бойынша өтеді, ал жеңімпаз 84 келіге дейінгі салмақта Hype BJJ чемпиондық белбеуіне ие болады.
Айта кетейік, бұған дейін Қуат Хамитов Царукянмен бірге Мәскеуде өткен ACBJJ 20 турнирінің кардында өнер көрсетіп, UFC файтеріне ашық түрде шақыру тастаған еді. Сондай-ақ ол ресейлік Рашид Магомедовты жеңгеннен кейін «Менің елім» әнін орындап, Қазақстанның Тәуелсіздік күнімен құттықтап, жанкүйерлердің ыстық ықыласына бөленген болатын.