$ 504.6  594.27  6.48

Махмұд Сабырхан World Boxing ұйымының үздік боксшысы атанды

Қазақстандық Махмұд Сабырхан World Boxing ұйымы жариялаған байқауда жылдың үздік боксшы атағына ие болды.

Фото: Сали Сабиров/ҰОК
Фото: Сали Сабиров/ҰОК

Бұл таңдау әлеуметтік желі арқылы дауыс беру нәтижесінде белгілі болды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Жанкүйерлер Махмұдпен өзбекстандық Жавохир Умматалиев, Фазлидин Эркинбоев, бразилиялық Луис Оливейра мен Юри Фалькаомен бәсекеге түсті. Олардың арасынан отандасымыз оқ бойы озық шықты.

Махмұд Сабырхан 2001 жылы дүниеге келген. Қазірге дейін 2023, 2025 жылдары әлем чемпионы болса, 2021 жылы күміс жүлдегер атанды. 2024 жылы Азия чемпионы атағын жеңіп алса, 2022 жылы құрлықтық додада екінші орын алды.

Сондай-ақ жыл үздігі бәсекесінде ол үндістандық қос боксшы Жасмин Ломбария мен Минакши Хода, норвегиялық Суннива Хофстад және польшалық Агата Качмарсканы артқа қалдырып кетті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары