Бұл – Рыбакинаның 2025 жылы жекелей сындағы соңғы кездесуі.
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Қытайда өтіп жатқан World Tennis Continental Cup турнирінде алғашқы жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Жекелей сындағы қорытынды матчты Рыбакина швейцариялық, 2020 жылғы Токио олимпиадасының чемпионы Белинда Бенчичке қарсы өткізді.
Кездесу екі сетке созылып, Елена 6:3, 6:4 есебімен жеңіске жетті.
Бұл – Рыбакинаның 2025 жылы жекелей сындағы соңғы кездесуі.
Отандасымыз аталған турнирде жұптық сында да бақ сынайды. Ресейлік Андрей Рублевпен бірге ол монаколық Валантен Вашеро және поляк Ига Швентектің жұбына қарсы ойын өрнегін көрсететін болады.