$ 504.76  593.8  6.5

«Тым болмаса бір медаль»: Министр Қысқы Олимпиада ойындарына болжам жасады

Қысқы Олимпиадаға дайындыққа 13,3 млрд теңге бөлінген. 

Фото: Туризм және спорт министрлігі
Фото: Туризм және спорт министрлігі

Келер жылы Италияда өтетін қысқы олимпиада ойындарына Қазақстаннан 35 спортшы барады. Бұл ретте Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов жарыс нәтижесіне қандай болжам жасап отырғанын айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Министрдің айтуынша, 1994 жылдан бері 8 қысқы Олимпиада өткен және онда бес спортшымыз ғана медаль алған. 

— Өкінішке орай, 2018 жылдан бері бірде-бір медаль жоқ. Сондықтан біз сол бір медальді алу үшін барымызды салып жатырмыз. Ғылыми тұрғыда дайындық әдістемелер, мамандар тартып, сол бағыттың бәрін күшейтіп жатырмыз. Әрине мұның бәрі жасалса да, жеке сол бір сәтте барлығы спортшының эмоционалдық күйіне, психологиялық күйіне, денсаулығына байланысты болады. Бірақ бүгінгі күні министрлік әкімдіктермен, федерациялармен бірлесіп, көптен болмаған медальді алуға әрекет етіп жатырмыз, — деп жауап берді Спорт министрі Үкіметте өткен брифингте.

Айта кетейік, Қысқы Олимпиадаға дайындыққа 13,3 млрд теңге бөлінген. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары