$ 504.76  593.8  6.5

«Нәтижесін күтіп отырмыз»: Министр Жәнібек Әлімханұлының допинг дауына қатысты пікір білдірді

Енді Жәнібек Әлімханұлының B допинг-сынамасы 2026 жылдың 8 қаңтарында ашылады.

Фото: коллаж Sn.kz
Фото: коллаж Sn.kz

Қазақстан Республикасының туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

“Иә, өкінішке қарай, маңызды жекпе-жек қарсаңында осындай жағдай орын алды. Алайда екінші сынама ашылады бұл 8 қаңтарда болады. Жәнібектің командасы да, біз де екінші сынаманың нәтижесін күтіп отырмыз. Ақпаратты содан кейін жариялаймыз", – деді Ербол Мырзабосынов Үкіметтегі брифинг барысында.

Айта кетейік, 6 желтоқсанда Жәнібек Әлімханұлы жоспар бойынша WBA чемпионы Эрисланди Ларамен үш чемпиондық белбеуді біріктіру жекпе-жегіне шығуы тиіс болған. Алайда VADA жүргізген допинг-сынамада мельдоний анықталғандықтан, кездесу өтпей қалды.
Осы жағдайдан кейін Premier Boxing Champions ұйымы Жәнібектің орнына жаңа қарсылас бекітілгенін мәлімдеді. Нәтижесінде Эрисланди Лара  венесуэлалық Йохан Гонсалеспен жұдырықтасып, WBA чемпиондық белбеуін сәтті қорғады.

Енді Жәнібек Әлімханұлының B допинг-сынамасы 2026 жылдың 8 қаңтарында ашылады. Боксшының спорттағы болашағы аталған сынаманың нәтижесіне тікелей байланысты болмақ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары