Айта кетейік, «Барселона» осылайша Испания Суперкубогындағы титулын қорғап қалды.
Сауд Арабиясында өткен Испания Суперкубогының финалында Барселона мен Реал Мадрид кездесті. Тартысты өткен ойында каталондық клуб 3:2 есебімен жеңіске жетіп, трофейді өз қоржынына салды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Кездесудің 36-минутында Рафинья есеп ашса, бірінші таймның қосымша минуттарында мадридтік Винисиус Жуниор таразы басын теңестірді. Араға екі минут салып, Роберт Левандовски «Барселонаны» қайта алға шығарды. Алайда 45+6-минутта Ферран Гарсия есепті 2:2-ге жеткізді.
Екінші таймда Рафинья тағы бір мәрте мергендігімен көзге түсіп, 73-минутта жеңіс голын соқты. Осылайша каталондықтар шешуші сәтте басым түсті.
Ойын барысында Френки де Йонг қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды.
Айта кетейік, «Барселона» осылайша Испания Суперкубогындағы титулын қорғап қалды. Былтырғы финалда да каталондықтар «Реалды» 5:2 есебімен ойсырата жеңген болатын.