$ 509.84  595.75  6.47

Алмас Өтешов жаңа қызметке тағайындалды

Бұл туралы «Спорт министрі» telegram-арнасы хабарлады.

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Қызылорда облысы спорт басқармасының басшысы Бақтияр Артаевтың бұйрығымен қазақстандық танымал зілтемірші Алмас Өтешов ауыр атлетикадан ересектер арасындағы облыстық құрама команданың аға жаттықтырушысы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Бұл туралы «Спорт министрі» telegram-арнасы хабарлады.

Алмас Дәулетярұлы – қазақстандық ауыр атлетика тарихында өзіндік орны бар спортшы. Ол – Қазақстанға еңбек сіңірген спорт шебері, әлем чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері, Азия ойындарының күміс жүлдегері әрі Азия чемпионы. Енді ол мол тәжірибесін бапкерлік жолда жалғастырып, өңір спортының дамуына үлес қоспақ.

Айта кету керек, Өтешов соңғы жылдары көпшілік назарынан тыс қалған еді. Екі жылдай бұрын журналист Нұрсейіт Жылқышыбайға берген ашық сұхбатында спортшы өміріндегі қиын кезеңді жасырмай айтып, отбасынан ажырап, жұмыссыз қалғанын, зиянды әдеттерге бой алдырғанын мойындаған болатын. Аталған жағдайдан кейін оған Қызылорда облысының спорт басқармасы тарапынан қолдау көрсетілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары