$ 509.84  595.75  6.47

Еркебұлан Тоқтар vs Gold: жекпе-жек уақыты белгілі болды

Фото: insport.kz
Фото: insport.kz

Қазақстандық актер әрі аралас жекпе-жек шебері Еркебұлан Тоқтар өзбекстандық файтер Шахзод Узоковпен (Gold) жекпе-жек өткізу туралы келісті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Айқас Octagon промоушені аясында өтеді. Алдын ала жоспар бойынша, кездесу биылғы наурыз айына белгіленген. Бұл жаңалықты Еркебұлан Тоқтар әлеуметтік желідегі парақшасында ресми түрде мәлімдеді.

Бұл айқасты жанкүйер көптен бері күтіп жүр. Себебі екі спортшы да әлеуметтік желі арқылы бірін-бірі сөзбен түйреп, жекпе-жек өткізуге шақырып жүрген.

Осыдан бірер күн бұрын Gold лақап атымен танымал өзбекстандық файтер Шахзод Узоков қазақстандық спортшы жайлы пікір білдіріп, Еркебұлан Тоқтарды бұған дейін мүлде танымағанын алға тартқан еді.

«Шынымды айтсам, Еркебұланды бұрын білмейтінмін, оған аса мән де берген жоқпын. Бір видеода оның «Gold деген біреу шығыпты» деген сөзі әлеуметтік желіде қызу талқыланды. Соған қарамастан, мен үндемедім. Бірақ кейін ол «Сатурн» туралы айта бастады. «Өзбекстанда «Сатурн» сияқты 4-5 спортшы бар, солардың бәрін біртіндеп жеңемін» деді. Осы сөздерден кейін мені ғана емес, тұтас Өзбекстанды қоса атап өткендей болды. Сол кезде жекпе-жекке деген интрига туындады», – деді Узоков.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары