$ 510.43  594.86  6.49

«Тәжірбиесі ауадай қажет»: Қайрат Сәтжановқа шетелден ұсыныс түскен

Қайрат Сәтжановтың Қазақстанға қажет болмай қалғаны олар үшін түсініксіз. 

Фото: ҚР ҰОК
Фото: ҚР ҰОК

Бес күн бұрын Қазақстан бокс құрамасының бас бапкері қызметінен кеткен Қайрат Сәтжанов еңбек жолын шетелде жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

10 қаңтарда Қазақстан бокс федерациясы Қайрат Сәтжановтың денсаулығына байланысты қызметінен кеткенін мәлімдеген еді. Алайда бапкердің қызы бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Sportarena.kz жазуынша, ТМД елдерінен бірнеше өкіл Қайрат Сәтжановпен байланысқа шығып, оны шетелде жұмысқа шақыру мәселесін талқылауға ниет білдірген. Осы мақсатта олар қазақстандық топ-бапкермен тікелей сөйлесуді сұраған.

"Мен Қайрат ағаның байланыс нөмірін бердім, өздері сөйлессін дедім. Әзіл ретінде денсаулығына байланысты кеткенін айтып едім, бірақ екі елдің өкілдері де бұл нұсқаға сенбейтінін жеткізді. Керісінше, оны қызметтен босатқан жандарға алғыс білдірді. Себебі жастармен де, ересектермен де нәтижелі жұмыс істей алған маманға енді жаңа ұсыныстар түсуі мүмкін. Қайрат Сәтжановтың Қазақстанға қажет болмай қалғаны олар үшін түсініксіз, ал басқа елдерге оның тәжірибесі ауадай қажет болуы әбден мүмкін", – деді инсайдер Sportarena.kz тілшісіне берген пікірінде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары