16.01.2026, 00:30

«Арсенал» – «Қайрат» матчына қатысты ақпар шықты

Фото: ФК "Қайрат"

Бұл матч алматылық клуб үшін ғана емес, жалпы қазақстандық футбол тарихындағы айтулы оқиға болмақ.

2026 жылдың 28 қаңтарында Лондондағы Emirates Stadium алаңында УЕФА Чемпиондар лигасы шеңберінде Арсенал мен Қайрат арасында маңызды матч өтеді. Бұл туралы Sn.kz ақпарат порталы хабарлады.

Кездесу жергілікті уақытпен 20:00-де басталады. Ал Қазақстанда ойын 29 қаңтарға қараған түні сағат 01:00-де көрсетіледі. Бұл матч алматылық клуб үшін ғана емес, жалпы қазақстандық футбол тарихындағы айтулы оқиға болмақ.

Қонақ команда жанкүйерлеріне арналған билеттер Qairat SuperApp және Freedom SuperApp мобильді қосымшалары арқылы сатылуда. Ұйымдастырушылардың ескертуінше, сатып алынған билеттер кері қайтарылмайды.

Осылайша, қазақстандық жанкүйерлер Англия Премьер-лигасының алдыңғы қатарлы командаларының бірі саналатын «Арсеналға» қарсы ойында «Қайратты» Лондон төрінде тікелей қолдауға мүмкіндік алып отыр.