$ 505.71  591.43  6.65

«Заман осындай»: Еркебұлан Тоқтар қыздар беретін сыйлықтардың бір бөлігін көрсетті

Қазіргі уақытта Еркебұлан Тоқтар Майами қаласында орналасқан әйгілі American Top Team залында дайындықтан өтіп жатыр.

Фото: Қазспорт
Фото: Қазспорт

Қазақстандық актер әрі аралас жекпе-жек шебері Еркебұлан Тоқтар әлеуметтік желіде кезекті жазбасымен көпшіліктің назарын аударды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Танымал файтер Instagram парақшасында АҚШ-тың Майами қаласындағы қымбат бутиктердің бірінде сауда жасап жүрген сәтінен видео жариялады. Кадрдан оның танымал брендке тиесілі пакетпен шығып бара жатқанын көруге болады. Сонымен қатар ол Арайлым есімді жанкүйерінің өзінің есепшотына 1 миллион теңге аударып, өткен туған күнімен құттықтағанының скринін қоса салып қойған. Бұдан бөлек, спортшыға «қалың мал» уәде етілгені де айтылған.

Видеода Еркебұлан Тоқтар бұл жағдайға қатысты былай деп пікір білдірді:

«Рахмет, жан» дейсің ғой. Бір миллион ана жаққа, бір миллион мына жаққа… Қазіргі қыздар мықты… Қорқасың… Заман осындай болды. Берсе - аламын».

Қазіргі уақытта Еркебұлан Тоқтар Майами қаласында орналасқан әйгілі American Top Team залында дайындықтан өтіп жатыр. Бұған дейін ол өзбекстандық файтер Шахзод Узоковпен(лақап аты - Gold) жекпе-жек өткізу жөнінде келісімшартқа қол қойған. Алайда кездесу күні әзірге нақтыланған жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 5
Күлкілі 1
Ашулы 1