$ 506.7  593.14  6.53

«Мені бағаламайтын жерден кетемін»: Сабина Алтынбекова ренішін айтты

Бұл қыңырлық емес, бұл — ішкі жауапкершілік.

Фото: instagram.com/altynbekova_20
Фото: instagram.com/altynbekova_20

Қазақстандық танымал волейболшы Сабина Алтынбекова әлеуметтік желіде жаңа фотосессиясынан кадрлар жариялап, өзінің өмірлік ұстанымдары жайлы ой бөлісті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

29 жастағы спортшы Instagram парақшасында қара-ақ түсті қатаң стильдегі образда түскен суреттерін бөлісіп, жазбасын терең философиялық ойлармен толықтырды.

«Бәрі мен қалағандай болады – бұл ханымға тән керемет ұстаным. Бұл қыңырлық емес, бұл — ішкі жауапкершілік. Яғни, өміріңізге нені кіргізесіз, немен келісесіз, сізбен кім және қандай тонда сөйлесе алады, құндылықтарыңыз бен мақсаттарыңыз қандай – осының бәрі «қалаймын» деген сөздің шынайы мағынасы», – деп жазды волейболшы.

Сондай-ақ ол бұл ойлардың тек сөз жүзінде қалмай, нақты әрекетке ұласуы маңызды екенін атап өтті.

Stories бөлімінде Сабина Алтынбекова бұрын өзін мәжбүрлеп, бәрін соңына дейін жеткізуге тырысқанын, ал қазір өз сезіміне құлақ асатынын айтты.

«Қазір мен өзімді бағаламайтын, әділетсіздік бар және ішіме жайсыз әсер қалдыратын ортадан кетемін. Мен тапқан ең үлкен олжа – өзімді шынайы әрі сау күйде сүю. Өмірімдегі барлық кезеңдер мен сабақтар үшін Жаратқанға шүкір айтамын. Кейбірі ауыр болды, бірақ өте қажет еді», – деп жазды спортшы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0