26.01.2026, 18:00

«Демалысты ұмыттық»: Сметов жаттығуға қатысты пікір білдірді

Фото: ҰОК

Кейін ол жаттығуды бастайтынын, халықаралық жарыстарға қашан қатысатынын туралы мәселеге жауап берді.

Дзюдодан Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов ұлттық құрама сапына қосылып, жаттығуды күшейткенін мәлімдеді. Белгілі балуан демалыс күндері күшейтілген жаттығу режимінде жұмыс істеп жатқанын алға тартты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

«Бізде демалыс жоқ», - деп жазды татами шебері әлеуметтік желідегі парақшасында.

Париж Олимпиадасынан кейін бір жарым жыл демалыс алған балуан жарақаттарын емдеумен қатар, Англияда тіл курсын оқып келген болатын. Кейін ол жаттығуды бастайтынын, халықаралық жарыстарға қашан қатысатынын туралы мәселеге жауап берді. Айта кететін жайт, балуан мамыр айында Астанада өтетін Гранд Слэм турнирінде күресуді көздеп отыр. Қазіргі уақытта ол әлемдік рейтингте 1991 ұпаймен 20-шы орынға жайғасқан.