Ресми кездесу барысында тараптар олимпиадалық боксты дамыту, халықаралық ынтымақтастықты нығайту және әріптестік аясын кеңейту мәселелерін талқылады.
Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Ташкент қаласында World Boxing халықаралық федерациясының президенті Геннадий Головкинді қабылдады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. Ресми кездесу барысында тараптар олимпиадалық боксты дамыту, халықаралық ынтымақтастықты нығайту және әріптестік аясын кеңейту мәселелерін талқылады. Геннадий Головкин Өзбекстанның әлемдік бокстағы стратегиялық маңызына ерекше тоқталып, елдің Азия аймағында боксты дамытуға белсенді үлес қосып келе жатқанын, сондай-ақ әлемдік және құрлықтық деңгейдегі жарыстарды ұйымдастырудағы тәжірибесін атап өтті. World Boxing федерациясының басшысы жылы қабылдау үшін алғысын білдіріп, халықаралық ұйымның Өзбекстанмен тығыз ынтымақтастықты жалғастырып, өңірде боксты дамытуға бағытталған ортақ жобаларды жүзеге асыруға дайын екенін растады.