$ 501.79  595.07  6.56

Темірлан Анарбековке қатысты жақсы жаңалық ресми түрде расталды

Жаңа келісім бойынша футболшы клуб сапында 2028 жылдың 30 қарашасына дейін өнер көрсетеді.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Алматылық "Қайрат" футбол клубы қазақстандық қақпашы Темірлан Анарбековпен келісімшарттың ұзартылғанын ресми түрде хабарлады, деп жазады Sn.kz ақпарат порталы.

Жаңа келісім бойынша футболшы клуб сапында 2028 жылдың 30 қарашасына дейін өнер көрсетеді.

Темірлан Анарбеков соңғы маусымдарда өзін сенімді ойыншы ретінде көрсете білді. Оның тұрақты ойыны, еңбекқорлығы бапкерлер штабы мен клуб басшылығының сеніміне ие болды.

Осыған байланысты «Қайрат» ойыншымен ұзақмерзімді келісім жасау жөнінде шешім қабылдады.

Айта кетейік, «Қайрат» алдағы маусымда ішкі біріншіліктен бөлек, еурокубоктық жарыстарда да жоғары нәтижелерге қол жеткізуді мақсат етіп отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0