$ 503.9  603.32  6.61

«Ертегі аяқталды»: Рафаэль Уразбахтин «Қайраттың» Чемпиондар лигасындағы ойынына баға берді

Біз алған баға жетпес тәжірибеге өте қуаныштымыз.

Фото: prosports.kz
Фото: prosports.kz

Алматылық «Қайраттың» бас бапкері Рафаэль Уразбахтин клубтың Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне қатысуы Қазақстан футболына оң әсер етеді деп санайды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Чемпиондар лигасының қорытынды турында алматылық команда Лондонның әйгілі «Арсеналына» қарсы сырт алаңда ойнап, 2:3 есебімен ұтылды.

Ойыннан кейінгі баспасөз мәслихатында Уразбахтин бұл маусымның команда үшін үлкен тәжірибе болғанын атап өтті.

– Біздің футбол ертегіміз аяқталды. Біз алған баға жетпес тәжірибеге өте қуаныштымыз. Топ-командалармен ойнадық, сондай-ақ сол топ клубтарды Қазақстанға алып келдік. Біз үшін ең басты жеңіс — осы. Мүмкін, дәл осы арқылы Қазақстанда футболға деген қызығушылық артқан шығар. Жанкүйерлер қатары көбейді. Менің ойымша, біздің Чемпиондар лигасында ойнағанымыз елдегі футболды дамыту бағытындағы қозғалысты жылдамдатуға ықпал етеді, – деді ол.

Еске салайық, «Қайрат» Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіндегі дебюттік маусымын турнир кестесінің соңғы, 36-орнында аяқтады. Алматылық клуб жеті матчта жеңіліп, бір ойында тең нәтиже тіркеп, небәрі бір ұпай жинады.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0