Қос футболшының да алматылық клубпен келісімшарты аяқталған.
Алматылық “Қайрат” футбол клубы екі бірдей қорғаушысымен қош айтысты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Олар 30 жастағы қорғаушы Егор Сорокин мен Валерий Громыка. Қос футболшының да алматылық клубпен келісімшарты аяқталған.
Егор 2024 жылғы жазда "Кайратқа" қосылып, команда қорғанысының маңызды бөлігіне айналды. Сары-қаралар сапында ол екі рет Қазақстан чемпионатын және Суперкубокты жеңіп алды.
Айта кетейік, Егор Сорокин "Селтикке" қарсы ойында айып добын сәтті орындап, команданы УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне шығарды.
Сондай-ақ Сорокин "Кайратта" бір жарым жыл ішінде 54 матч өткізіп, 2 гол соғып, 2 нәтижелі пас берді.
Ал Громыка "Қайсардан" "Кайратқа" ауысып, команданың Қазақстан чемпионатында жеңіске жетуіне үлес қосты.
Жаңа маусымда Громыко Қазақстан Суперкубогында "Ақтөбеге" қарсы матчта гол соғып, нәтижелі пас берген.
"Кайратта" бір жарым жыл ішінде Валерий Громыко 57 матч өткізіп, 7 гол соқса 15 нәтижелі ассист жасаған.