$ 501.02  597.27  6.59

Жәмилә Бақбергенова Ресейдегі халықаралық турнирде топ жарды

Қазақстан қоржынына тағы екі жүлде түсті.

Фото: instagram.com/kazwrestling_official
Фото: instagram.com/kazwrestling_official

Ресейдің Красноярск қаласында өткен Иван Ярыгин атындағы халықаралық турнирде әйелдер күресінен Қазақстан құрамасы 1 алтын, 2 күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

2026 жылдың алғашқы ресми халықаралық бәсекесінде 72 келі салмақта белдескен Жәмилә Бақбергенова қарсыластарын айқын басымдықпен жеңіп, алтын жүлдеге қол жеткізді.

Сондай-ақ, Қазақстан қоржынына тағы екі жүлде түсті. 55 келі салмақ дәрежесінде Лаура Алмағанбетова, ал 59 келіде Виктория Хусаинова күміс медаль иеленді.

Айта кетейік, Иван Ярыгин турнирі – әлемдік күрестегі ең беделді жарыстардың бірі саналады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0