Қазақстан қоржынына тағы екі жүлде түсті.
Ресейдің Красноярск қаласында өткен Иван Ярыгин атындағы халықаралық турнирде әйелдер күресінен Қазақстан құрамасы 1 алтын, 2 күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
2026 жылдың алғашқы ресми халықаралық бәсекесінде 72 келі салмақта белдескен Жәмилә Бақбергенова қарсыластарын айқын басымдықпен жеңіп, алтын жүлдеге қол жеткізді.
Сондай-ақ, Қазақстан қоржынына тағы екі жүлде түсті. 55 келі салмақ дәрежесінде Лаура Алмағанбетова, ал 59 келіде Виктория Хусаинова күміс медаль иеленді.
Айта кетейік, Иван Ярыгин турнирі – әлемдік күрестегі ең беделді жарыстардың бірі саналады.