$ 501.02  597.27  6.59

Қазақстандық хоккейші матч кезінде көз жұмды (ВИДЕО)

Команда Қарағандыда әуесқой хоккей лигасы аясында өнер көрсеткен.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Қарағандыда әуесқой «СКА-Приозерск» командасының хоккейшісі көз жұмды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Бұл туралы "Патриот" телеграм каналында жазды. Команда Қарағандыда әуесқой хоккей лигасы аясында өнер көрсеткен.

Мұз айдынында оның жағдайы күрт нашарлап, ол тізерлей отырып, кейін есін жоғалтып құлаған. Оқиға орнына келген дәрігерлер оның қайтыс болғанын растады. Ер адам 46 жаста болған.

«Ер адам құлағаннан кейін бірден қайтыс болған. “Жедел жәрдем” келген кезде оның көз жұмғанын растады», — деп жариялады Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасы.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0