Жаңартылған рейтингіде Заңғар үш сатыға жоғарылады.
Қазақстандық жас теннисші Заңғар Нұрланұлы Australian Open-2026 турниріндегі сәтті өнерінің арқасында ITF Juniors рейтингіндегі орнын жақсартты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
17 жастағы Заңғар жасөспірімдер арасындағы Аустралияның ашық чемпионатында жекелей сында жартылай финалға шыққан алғашқы қазақстандық теннисші атанды. Жаңартылған рейтингіде Заңғар үш сатыға жоғарылап, 12-орыннан 9-орынға көтерілді.
Айта кетейік, жартылай финалда Нұрланұлы АҚШ өкілі Китон Хансқа жол берді - 3:6, 2:6. Турнир қорытындысы бойынша Ханс рейтингіде бір саты төмен сырғып, 7-орынға орналасты (бұрын 6-орында болған).
Финалда америкалық теннисші словениялық Жига Шешкодан (ITF Juniors рейтингінде 4-орын) жеңіліп қалды - 6:4, 3:6, 4:6.