Қазақстандық спортшының қарсыласы жергілікті жанкүйерлердің фавориті Брэндон Морено болуы керек еді.
Асу Алмабаев жарақатына байланысты Мексика астанасы Мехикода 28 ақпанда өтуі тиіс UFC турнирінің басты жекпе-жегіне қатысудан бас тартты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Қазақстандық спортшының қарсыласы жергілікті жанкүйерлердің фавориті Брэндон Морено болуы керек еді.
"Жағдай осылай. Ұшуымызға 2 күн қалғанда қолым жарақат алды. Жарқат айтып келмейді. Кіммен шықсамда қандай жағдай болмасын жекпе-жектен еш қашан бас тартып көрмедім. Дайындық жақсы деңгейде болып жатқан. Болар іс болды. Қанша жер тепкілесеңде жағдайды өзгерте алмаймын.
Бұл тұжырымда әлі 5 жекпе-жегім бар. Жаңа келісім (контракт) ұзартылған. Әлі талай қызықты майдан күтіп тұр" - деді Асу Алмабаев.
Асу Алмабаев соңғы рет октагонға 2025 жылдың 2 қарашасында Катардың Доха қаласында өткен UFC турнирінде шыққан болатын. Ол кезде қазақстандық файтер америкалық Алекс Пересті (25–10) үшінші раундта мерзімінен бұрын жеңіп, айқын басымдық танытты.