Атам әжеммен 56 жыл тату-тәтті ғұмыр кешті.
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Ангелина Лукастың атасы өмірден озды. Бұл туралы боксшы желіде жерлеу сәтінен бейнежазба жариялап, отбасының қайғылы жағдайын жеткізді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Айтуынша, оның атасы отбасының қамқор тіреуі болған жан көрінеді.
«Сен біз үшін әрдайым уайымдайтын едің. Енді біз сенсіз қорқатын боламыз. Атам әжеммен 56 жыл тату-тәтті ғұмыр кешті. Әжем соңғы сәтіне дейін оның қасында болды», - деп жазды боксшы.
Аталған бейнежазбадан боксшының атасының табының бетіне ҚР мемлекеттік туы жабылғанын байқауға болады.
Бұған дейін Ангелина Мысыр астанасындағы жекпе-жекке бару үшін үлкен мәселеге тап болған еді. Ол виза ала алмай, кеден үлкен кедергіге тап болған. Алайда кешеуілдеп шешілген мәселеден кейін ол Каирде сынға түсуге мүмкіндік алған болатын.