$ 495.1  583.72  6.46

Александр Бублик тұсауын кескен балақай теннис добын таңдады (ВИДЕО)

Қазақстан құрамасының көшбасшысы Александр Бублик қазақтың ең танымал дәстүрлерінің бірі — тұсау кесуге қатысты.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Астанада Дэвис кубогының Қазақстан мен Монако арасындағы матчтың жеребе тарту рәсімінен кейін ойыншылар қазақ халқының салт-дәстүрлерімен танысты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Іс-шара барысында қос құрама капитандары құттықтау сөздер айтып, ал ойыншылар естелік сыйлықтармен алмасты.

Теннисшілер үшін ұлттық ойындар — асық ату мен ләңгі тебу ұйымдастырылды. Онда меймандар тек бақылап қана қоймай, ұлттық ойындарда өзін сынап көріп, Қазақстанның мәдени мұрасымен жақындасуға мүмкіндік алды.

Қазақстан құрамасының көшбасшысы Александр Бублик қазақтың ең танымал дәстүрлерінің бірі — тұсау кесуге қатысты.

Теннисші Аян Бейбітұлының тұсауын кесіп, оның қадамына сәттілік тіледі. Содан кейін тәй-тәй басқан балақай теннис добын таңдады. Бұл сәт қатысушылардың ду қол шапалақтауына ұласты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0