Бұл жөнінде еліміздің үстел теннисі федерациясы мәлім етті.
Әсет Сағымбаев үстел теннисінен Қазақстан ұлттық құрамасы бас бапкері қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Бұл жөнінде еліміздің үстел теннисі федерациясы мәлім етті.
Әсет Сағымбаев Таиланд, Үндістанда өткен жастар арасындағы Азия чемпионаты, Германия мен Жапонияда болған әлем чемпионатында бақ сынаған. Спорттық мансабында ол Қазақстан чемпионаты, республикалық спартакиада, халықаралық турнирлерде медаль жеңіп алды.
Қазірге дейін тәжірибелі маман Ақтөбе облысы құрама командасының аға бапкері қызметін атқарды.
Алдағы уақытта ел құрамасын көптеген халықаралық және республикалық жарыстар күтіп тұр.
Англия астанасы Лондон қаласында 28 сәуір мен 10 мамыр аралығында өтетін үстел теннисінен командалық әлем чемпионатында қазақстандық спортшылардың қарсыластары анықталды. Бұл Халықаралық үстел теннисі федерациясы (ITTF) және әлем чемпионатының 100 жылдығын тарихи мерекелеудің басталуына тұспа-тұс келіп отыр.
Еліміздің ерлер құрамасы 11 топта Мысыр, Таиланд, Түркиямен сынға түссе, әйелдер құрамасы 5 топта Бразилия, Чехия, Моңғолиямен кездеседі.
Турнирде жеребе нәтижесі бойынша қазақстандықтардың қарсыластары анықталды. Ерлер арасында еліміздің құрамасы 11 топта Мысыр, Таиланд, Түркиямен сынға түссе, еліміздің әйелдер құрамасы 5 топта Бразилия, Чехия, Моңғолиямен кездеседі.