$ 494.63  583.22  6.42

Ескісін қосып жіберген: қазақстандық семсерлесушілер әнұранды жанды дауыста айтты

Фото: kzsports.kz
Фото: kzsports.kz

Қазақстандық семсерлесуші Руслан Курбанов Әлем кубогында жеңіске жеткен соң келеңсіз жайт болды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Германияның Хайденхайм қаласында өтіп жатқан аламанда жерлесімізді марапаттау рәсімінде ұйымдастырушылар еліміздің ескі гимнін қосып жіберген. Алайда құрама мүшелері қазіргі әнұранды жанды дауыста айтып шығып, көпшілікті таңғалдырды.

Бұл жайтқа қатысты жеңімпаздың өзі де пікір білдіріп, қолдау көрсеткендерге алғысын жеткізді.

«Жеңіс тұғырына көтерілгенде, ескі әнұранды қосып жіберді. Біз бірден дұрыс еместігін айттық. Сол сәтте командаластарым еліміздің әнұранын жанды дауыста айта бастады. Мен де қосыла кеттім. Қандай сезімді бастан кешіргенімді сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Бойымды мақтаныш сезімі биледі. Денем тітіркеніп кетті. Қолдаған барша жанкүйерге шексіз алғыс!» - деді Курбанов.

Айта кетейік, ұлттық құрама көшбасшысы, әлем чемпионатының қола жүлдегері Руслан Курбанов жекелей сында үздік атанды. Ол ақтық сында әлем чемпионатының күміс жүлдегері Давиде ди Веролиді (Италия) жеңді. Есеп: 15:14.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0