$ 494.63  583.22  6.42

Париж Гранд Слэмі: Қазақтың екі балуаны жартылай финалға шықты

Отандық татами шебері іріктеу кезеңдерінде Дания, АҚШ, Жапония балуандарынан басым түсті.

Фото: ҰОК
Фото: ҰОК

Парижде өтіп жатқан Гранд Слем бәсекесінің екінші жарыс күнінде қазақстандық Абылайхан Жұбаназар (81 кг) мен Шархан Нұрлыхан (-100 кг) жартылай финалға жолдама алды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Абылайхан Жұбаназар финал жолдамасын әзербайжандық Зелим Кацоевпен сарапқа салмақ. Отандық татами шебері іріктеу кезеңдерінде Дания, АҚШ, Жапония балуандарынан басым түсті.

Шархан Нұрлыхан финалға шығу үшін жапониялық Араи Дотамен күреседі. Іріктеу бәсекесінде Шархан Тунис, Украина, Венгрия және Италия балуандарын қапы қалдырды.

Сонымен бірге, 90 келіде белдескен Айдар Арапов алғашқы айналымда Германия балуанына жол берді. Ал -100 келіде Марат Байқамұров Орталық Африка Республикасының балуанын жеңгенімен, екінші айналымда Нидерланд спортшысына жол берді. +100 келіде Ғалымжан Қырықбай алғашқы белдесуінде Канада өкілінен айласын асыра алмады.

Айта кетейік, жарыстың алғашқы күнінде ҚР ұлттық құрамасының өкілі Аман Бақытжан 60 келіде қола жүлдеге ие болған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0