$ 490.58  584.77  6.34

Елена Рыбакина Дохадағы турнирді жеңіспен бастады

Елена Рыбакина турнирдің басты фавориттерінің бірі саналады. 

Фото: gotennis.ru
Фото: gotennis.ru

Әлемнің үшінші ракеткасы, қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Дохада өтіп жатқан турнирдің екінші айналымында әлемнің 33-ракеткасы Ван Синьюйді (Қытай) 6:2, 6:4 есебімен жеңді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Қарсыластар кортта 1 сағат 21 минут өткізді. Осылайша Рыбакина жеке кездесулердегі басымдылығын 3:0-ге жеткізді.

Qatar TotalEnergies Open турнирінің ширек финалына шығу үшін Елена Рыбакина америкалық Алисия Паркс пен қытайлық Чжэн Циньвэнь арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.

1/8 финалдық матч ертең Қазақстан уақытымен 20:00-де басталады. 

Qatar TotalEnergies Open турнирінің жүлде қоры 4,088,211 долларды құрайды. Жеңімпаз 1000 рейтингтік ұпай мен 665 мың АҚШ доллар көлемінде сыйақы алады.

Айта кетейік, 8-ақпан басталған жарыс 14-ақпанға дейін жалғасады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0