$ 490.58  584.77  6.34

Криштиану Роналдуға қатысты тың ақпарат тарады

Клуб басшылығы шабуылшымен келіссөз жүргізген.

novochag.ru
novochag.ru

Сауд Арабиясының «Әл-Наср» клубы команда ішіндегі тұрақсыздықты еңсеру үшін басқару жүйесін қайта қарауға кірісті. Клуб басшылығы шабуылшы Криштиану Роналдуға соңғы уақытта жіберілген басқарушылық қателіктер түзетіліп, ұжымдағы жағдайды қалыпқа келтіруге бағытталған нақты қадамдар жасалатынын жеткізген, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Алдағы күндері Эр-Риядтағы клуб қызметкерлеріне жалақы бойынша жиналған берешек толық өтеледі. Сонымен қатар әкімшілік құрылымда ауқымды өзгерістер жоспарланып отыр. Атап айтқанда, директорлар кеңесінің төрағасы Абдулла әл-Маджедтың қызметінен кетуі ықтимал.

Бұдан бөлек, желтоқсан айында басқару өкілеттігінен айырылған Жозе Семеду мен Симау Коутиньюге бұрынғы құзыреттерін қайта беру мәселесі қарастырылып жатыр. Бұл шешім клуб ішіндегі басқару тетіктерін тиімдірек етуге бағытталған.

Айта кетейік, бұған дейін бірқатар бұқаралық ақпарат құралдары Роналдудың соңғы матчтарға қатыспауын Сауд Арабиясының Сауд Арабиясының Суверенді қоры кейбір клубтарға қатысты жүргізіп отырған саясатына наразылық белгісі ретінде бағалаған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0