$ 494.28  587.06  6.4

Әйелдер күресінен Қазақстан құрамасының бас бапкері тағайындалды

Нұрсұлтан Теміров әйелдер күресінкн ұлттық құрама көшбасшысы Жәмилә Бақбергенованың жеке бапкері.  

Фото: Спортшының жеке парақшасынан
Фото: Спортшының жеке парақшасынан

Қазақстан ұлттық құрамасында күрес түрлерінен кадрлық өзгерістер орын алуда. Енді әйелдер күресінен аға бапкер ретінде Нұрсұлтан Теміров жаттықтырады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Нұрсұлтан Теміров әйелдер күресінкн ұлттық құрама көшбасшысы Жәмилә Бақбергенованың жеке бапкері.  Жәмила Бақбергенов әлем чемпионатының төрт дүркін жүлдегері.

Оның жетекшілігімен және тікелей қатысуымен халықаралық аренада ел намысын абыроймен қорғап жүрген бірқатар спортшылар тәрбиеленді. Олардың қатарында Мадина Бақбергенова және басқа да спортшылар бар.

Айта кетейік, Нұрсұлтан Маратұлы Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы. Сонымен қатар, 2022 жылы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тарапынан "Жылдың үздік жаттықтырушысы" атағына ие болған. 

Сондай-ақ ол Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін "Дене шынықтыру және спорт" мамандығы бойынша тамамдаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0