14.02.2026, 11:30

«Бұл медальдың екі жағы бар»: Геннадий Головкин Олимпиада чемпионына ақылын айтты (ВИДЕО)

Фото: Сәли Сабыров

Шайдоров өз кезегінде Геннадий Головкинге және министр Ербол Мырзабосыновқа рахметін айтты.

Қазақстан ұлттық Олимпиада комитетінің төрағасы Геннадий Головкин 2026 жылғы қысқы Олимпиада чемпионы атанған Михаил Шайдоровты арнайы құттықтады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, аңыз боксшы өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, жас чемпионға ақыл-кеңесін айтты.

— Сіз енді Олимпиада отбасының мүшесісіз. Бірақ бұл медальдің да екі жағы бар. Адам болып қала беріңіз. Олимпиада чемпионы болу — үлкен жауапкершілік. Адам болып қалсаңыз, бұл нағыз жетістік. Мен сіздің қазіргі болмысыңызды сақтап қалуыңызды қалаймын. Олимпиада алтыны — сіздің маңдай теріңіз, еңбегіңіз, табандылығыңыздың жемісі. Бірақ медаль сізді тұлға ретінде айқындамайды. Ал өзіңізді тұлға ретінде анықтау үшін сіз өзіңіздің адами қасиеттеріңізді сақтауыңыз керек. Ол (медаль — ред.) барлық есікті аша бермейді, — деді Головкин.

Шайдоров өз кезегінде Геннадий Головкинге және министр Ербол Мырзабосыновқа рахметін айтты.

— Мен барлық қазақстандыққа үлкен алғыс айтқым келеді. Пікірлер өте көп болды, және барлығы маған қысым болады деп ойлады, бірақ керісінше болды. Бұл мені шынымен жігерлендіріп, күш берді. Мен тек күрескім келеді және соңына дейін күрестім, — деді спортшы.