$ 496  588.01  6.42

Бибісара Асаубаева ресейлік әлем чемпионын тізе бүктірді

Александра Костенюк – әлемдік шахматтағы аса тәжірибелі әрі титулды ойыншылардың бірі.

Фото: © Михал Валуша (ФИДЕ)
Фото: © Михал Валуша (ФИДЕ)

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева кезекті ірі жетістігімен қуантты. Спортшы 12-ші әлем чемпионы Александра Костенюкті жеңгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

«12-ші әлем чемпионы Александра Костенюкті жеңдім. Жеңіске жету әрдайым қуаныш сыйлайды, әсіресе бұл нәтиже 2027 жылы Вайссенхаус қаласында өтетін келесі әлем чемпионатына қатысуға кепілдік берсе. Тамаша турнир үшін ұйымдастырушыларға алғыс айтамын! Келесі жылы осында қайта оралуды асыға күтемін», – деп жазды Асаубаева Instagram парақшасында.

Айта кетейік, Александра Костенюк – әлемдік шахматтағы аса тәжірибелі әрі титулды ойыншылардың бірі. Ол – екі дүркін Ресей чемпионы (2005, 2016), Еуропа чемпионы (2004), 2011–2015 жылдары Швейцария әйелдер чемпионы, 2013 жылы Швейцария ерлер чемпионы атанған. Сондай-ақ әйелдер арасындағы алғашқы Әлем кубогының жеңімпазы (2021) және Фишер рандом нұсқасы бойынша әлем чемпионы (2006, 2008).

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0