$ 489.99  580.25  6.38

Геннадий Головкинге қатысты қуанышты ақпар шықты

Головкин Қазақстан тарихында мұндай құрметке ие болған алғашқы спортшы атанды.

Фото: ҰОК
Фото: ҰОК

Бұрынғы орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің Халықаралық бокс даңқ залына (IBHOF) ресми түрде енетіні белгілі болды. Салтанатты рәсім мен арнайы іс-шаралар 11-14 маусымда АҚШ-тың Нью-Йорк штатындағы Канастота қаласында өтеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Головкинмен бірге «Қазіргі заманғы боксшылар (ерлер)» санатында британдық Найджел Бенн және америкалық Антонио Тарвер да Даңқ залына қосылады.

Айта кетейік, Головкин Қазақстан тарихында мұндай құрметке ие болған алғашқы спортшы атанды.

Ал, КСРО елдерінен бұған дейін Даңқ залына ресейлік Костя Цзю және ағайынды Владимир мен Виталий Кличко енгізілген еді.

Геннадий Головкин жалпы мансабында 350 жекпе-жек өткізіп, соның 345-інде жеңіске жеткен.

2024 жылдың ақпан айында Головкин ресми түрде Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің басшысы болып тағайындалды. Ол сондай-ақ жаңа ұйым - World Boxing президенті қызметін де атқарады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0