Енді Бейбіт Жұқаев турнирдің екінші кезеңінде Грекия елінің өкілі Стефанос Сакелларидиспен күш сынасады.
Қазақтандық теннисші Бейбіт Жұқаев Нью-Делидегі ATP Challenger турнирінде бақ сынауда. Бұл туралы Sn.kz ақпарат порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Ол алғашқы айналымда жарыстың басты фавориті саналатын австралиялық Дэйн Суиниге қарсы ойнады.
Бірінші сетте отандасымыз тай-брейкте жеңіліп қалды. Алайда кейіннен Бейбіт Жұқаев ойынның бағытын өз қолына алды. Ол келесі екі сетте басым түсіп, 6:3, 6:2 есебімен айқын жеңіске жетті.
Бұл нәтижe турнирдің басты сенсациясына айналды.
Енді Бейбіт Жұқаев турнирдің екінші кезеңінде Грекия елінің өкілі Стефанос Сакелларидиспен күш сынасады.