18.02.2026, 16:00

Сенсация: Қазақ теннисшісі турнир фаворитін жеңді

Фото: olympic.kz

Енді Бейбіт Жұқаев турнирдің екінші кезеңінде Грекия елінің өкілі Стефанос Сакелларидиспен күш сынасады.

Қазақтандық теннисші Бейбіт Жұқаев Нью-Делидегі ATP Challenger турнирінде бақ сынауда. Бұл туралы Sn.kz ақпарат порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Ол алғашқы айналымда жарыстың басты фавориті саналатын австралиялық Дэйн Суиниге қарсы ойнады.

Бірінші сетте отандасымыз тай-брейкте жеңіліп қалды. Алайда кейіннен Бейбіт Жұқаев ойынның бағытын өз қолына алды. Ол келесі екі сетте басым түсіп, 6:3, 6:2 есебімен айқын жеңіске жетті.

Бұл нәтижe турнирдің басты сенсациясына айналды.

Енді Бейбіт Жұқаев турнирдің екінші кезеңінде Грекия елінің өкілі Стефанос Сакелларидиспен күш сынасады.