Қазақстандық маман Қазақстан U-21 құрамасының аға бапкері қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Қазақстанда Владимир Чебурин қарағандылық «Шахтер», көкшетаулық «Оқжетпес» клубтарын жаттықтырды. Ол сондай-ақ шетелдік клубтармен де бас бапкер ретінде жұмыс істеді. Атап айтқанда, литвалық «Круоя», «Судува» және «Жальгирис» командаларында үздік жұмысымен көзге түсті.
«Судува» мен «Жальгирис» клубтарымен бірге алты мәрте Литва чемпионы атанып, үш рет Литва Кубогын және екі рет Суперкубокты жеңіп алды. Сонымен қатар Литвада үш мәрте жылдың үздік бапкері деп танылды.