23.02.2026, 12:40

Странджа кубогы: бүгін 10 қазақ боксшысы шаршы алаңға шығады

Фото: Pixabay

Жарысқа елімізден 39 боксшы барған.

Болгарияның София қаласында бокстан «кіші әлем чемпионаты» атанып кеткен дәстүрлі Странджа кубогы өз жалауын көтерді. Биылғы халықаралық жарысқа 20 елдің үздік былғары қолғап шеберлері қатысып жатыр. Олардың қатарында Қазақстан құрамасы да бар, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. Жарысқа елімізден 39 боксшы барған. Кеше жеребе тартылып, алғашқы қарсыластар белгілі болды. Бүгін Қазақстан атынан 10 боксшы шаршы алаңға шығады. Бүгінгі жекпе-жектер (Қазақстан боксшылары):  • 50 кг: Бекзат Алдамжаров – Асылбек Жалилов (Өзбекстан)  • 70 кг: Мұхамедсабыр Базарбайұлы – Абдулазиз Журакулов (Өзбекстан)  • 55 кг: Бағлан Кенжебек – қарсыласы әзірбайжандық боксшы  • Тимур Қабдешов – ирландиялық боксшымен кездеседі  • Фарух Тоқтасынов – австриялық қарсыласымен жұдырықтасады  • 90 кг: Нұрмағамед Юсупов – уэльстік боксшымен жұдырықтасады  • 60 кг: Руслан Күзеубаев – америкалық қарсыласымен кездеседі  • Бейбарыс Жексен – моңғолиялық спортшымен бақ сынайды  • 80 кг: Диас Молжігітов – америкалық боксшымен жұдырықтасады  • Санжарәлі Бегалиев – бразилиялық қарсыласымен жолығады Ұйымдастырушылар мәліметінше, күндізгі сессия 17:00-де, ал кешкі сессия 23:00-де басталады.