Спорт журналисі Дидар Қадыров Шайдоровтың бұл тарихи жеңісі Қазақстан құрамасын тығырықтан алып шыққанын атап өтті.
Миланда өткен қысқы Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасы небәрі бір алтын медальмен шектелді. Ел қоржынына жалғыз жоғары жүлдені мәнерлеп сырғанаудан Михаил Шайдоров салды. Осы жетістігі үшін чемпионға мемлекет тарапынан 250 мың доллар көлемінде сыйақы белгіленген, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. Спорт журналисі Дидар Қадыров Шайдоровтың бұл тарихи жеңісі Қазақстан құрамасын тығырықтан алып шыққанын атап өтті. Оның айтуынша, елде спорт саласына қомақты қаржы бөлінгенімен, бапкерлердің жалақысы әлі де төмен, ал инфрақұрылымның жағдайы көңіл көншітпейді. Осыған байланысты ол Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровқа берілген 250 мың доллар сыйақыны спортты дамытуға бағыттау қажет деген пікір білдірді.
“Олимпиада чемпионына 125 миллион беру орнына, сол ақшаның бір бөлігін кейбір спорт түрлерін дамытуға жұмсауға болады. Ал Шайдоровтың өзінде қаражат жеткілікті. Қосымша ақша қажет емес. Оның үйінің алдына асфальт төсеп қойсаң, жас спортшыларға көмек көрсетсең, қаражат дұрыс жетсе, бәрі жақсы болады. Мен тек қарапайым нәрселерді сұрап отырмын. Бірақ Қазақстанда оларды орындау қиын. Тіпті Шайдоровтың әкесі де соңғы рет ақша оларға жетпегенін айтты. Сондықтан бұл жетістік жүйенің емес, Михаилдың және сол сәтте бірге болған адамдардың жеке еңбегінің жемісі”, – деді Дидар Қадыров Sreda YouTube арнасына берген сұхбатында.