$ 497.33  586.7  6.48

Михаил Шайдоров бас бапкерін ауыстырады – БАҚ

Урмановтың өзі де мәнерлеп сырғанаудан 1994 жылғы Олимпиада чемпионы.

фото: olympic.kz
фото: olympic.kz

Рrokzsport Telegram-арнасы қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров жеке бапкерін ауыстыратынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Дереккөз мәліметінше, спортшы 2018 жылдан бері бірге жұмыс істеп келе жатқан ресейлік маман Алексей Урмановпен әріптестікті тоқтатуы ықтимал.

«Қолда бар ақпаратқа сәйкес, Олимпиада ойындарынан соң Михаил Шайдоров бапкері - ресейлік маман Алексей Урмановты ауыстырады», – деп жазды арна.

Шайдоров Алматыда дүниеге келгенімен, соңғы жылдары Сочиде Урмановтың жетекшілігімен жаттығып жүрді. Урмановтың өзі де мәнерлеп сырғанаудан 1994 жылғы Олимпиада чемпионы.

Тараптардың өзі бұл деректі әлі растаған жоқ. Бірақ Шайдоров бұған дейін берген сұхбатында бапкеріне риза екенін, тіпті бір кездері ресейлік маманның өзіне тегін көмектескенін де алға тартқан.

«Алексей Урманов – Олимпиада чемпионы, өте жоғары деңгейдегі маман. Көп жылдан бері бірге жұмыс істеп келеміз. Бір кездері ол кісі мені тегін жаттықтырды. Сол үшін де оған ерекше ризамын», – деген еді спортшы.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Италиядағы қысқы Олимпиада ойындарын бір алтын медальмен аяқтады. Соның арқасында құрамамыз жалпы кестеде 19-орынға тұрақтады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0