$ 501.26  590.38  6.54

Данияр Елеусінов пен Иван Дычко осы көктемде шаршы алаңға шығады

Данияр Елеусінов соңғы айқасын 2025 жылдың шілдесінде Филадельфияда өткізіп, Джеймс Бейконды екінші раундта техникалық нокаутпен жеңген.

Фото: kazproboxing
Фото: kazproboxing

Жартылай орта салмақтағы қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (13-0) 5 сәуірде UFC президенті Дана Уайт негізін қалаған Zuffa Boxing лигасында жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы оның менеджері Зия Әлиев мәлімдеді.

- Жекпе-жек 5 сәуірге жоспарланған, күні бекітілді. Қарсылас бар, келісімшартқа қол қойылған. Алайда лига ресми түрде жариялағанға дейін оның есімін айта алмаймыз, - деді Әлиев Prosports.kz-ке берген сұхбатында.

Данияр Елеусінов соңғы айқасын 2025 жылдың шілдесінде Филадельфияда өткізіп, Джеймс Бейконды екінші раундта техникалық нокаутпен жеңген.

Сондай-ақ аса ауыр салмақта өнер көрсететін Иван Дычко да Zuffa Boxing жобасының қатарына қосылды. Кәсіпқой бокста оның есебінде 15 жеңіс, бір жеңіліс бар және 14 жекпе-жегі нокаутпен аяқталған.

Дычко соңғы рет қыркүйек айында шаршы алаңға шыққан. Ол америкалық Джермейн Франклинге (24-2, 15 КО) есе жіберіп, мансабында алғаш рет жеңіліс тапты. 

Естеріңізге сала кетейік, жыл басында кәсіби бокс әлемінде қаржылық мүмкіндігі өте жоғары жаңа ірі промоушен пайда болған еді. UFC-дің бас компаниясы TKO Group Holdings-пен бірлесіп құрылған Zuffa Boxing жобасына Сауд Арабиясы тікелей қаржылай қолдау көрсетеді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0