"Олимпиададағы жеңіс — жолдың соңы емес, керісінше жаңа әрі жауапты кезеңнің бастауы".
Дзюдодан Олимпиада чемпионы Елдос Сметов жеке бапкерімен бірге жаттығу процесін қайта бастады. Бұл туралы спортшы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Айтуынша, ол дайындықты тәжірибелі бапкері Ғалымжан ағаймен бірге жалғастырып жатыр. Бүгінгі жаттығу залда өткен.
«Ассалаумағалейкум, құрметті Қазақ елі! Біз Ғалым ағайымызбен бірге дайындықты қайта қолға алдық. Олимпиададағы жеңіс — жолдың соңы емес, керісінше жаңа әрі жауапты кезеңнің бастауы. Сондықтан әр жаттығуға үлкен жауапкершілікпен қарап жатырмыз», — деп жазды спортшы.
Желі қолданушылары чемпионға қолдау білдіріп, жылы лебіздерін жаудырды. Кейбір жанкүйерлер бапкердің көпшілікке ұнаған биін қайта көргісі келетіндерін де жасырмады.
«Ғалымжан ағайдың биі есімізге түсіп кетті», «Тек алға, қос батыр!», «Елдос, әрдайым биігіңнен көріне бер», — деп пікір қалдырды оқырмандар.