21.08.2014, 03:04

Винокуров 150 мың доллар пара үшін айыпталуда

Сурет: rsport.ru

Льеж (Бельгия) қаласының прокуратурасы велоспорттан Олимпиада чемпионы қазақстандық Александр Винокуров пен ресейлік велошабандоз Александр Колобневті жемқорлық фактісі бойынша айыптап отыр деп хабарлайды Baq.kz Sudinfo.be сайтына сілтеме жасай отырып.

Бельгиялық басылымның хабарлауынша, Винокуров Колобневке 2010 жылы өткен «Льеж – Бастонь – Льеж» біркүндік жарысында жеңілуі үшін 150 мың еуро көлемінде пара берген.

Бұл іс бойынша Халықаралық велосипедшілер ассоциациясы қос спортшыны 2010 жылдан бастап тексеріп келе жатыр. Оған себеп болған жайт - Corriere della Sera басылымында Винокуров пен Колобневтің электронды пошта арқылы алмасқан жазбалары еді.

Бүгінгі таңда Александр Винокуров «Астана» командасының бас менеджері. Ал, Колобнев ресейлік «Катюша» командасының сапындағы шабандоз.