"Деңгейі жоғары болса, жалақысы да көбірек болатыны түсінікті".
«Қайрат» клубының байқаушы кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев командадағы жалақы жүйесіне тоқталып, жергілікті футболшылар мен легионерлердің табыс деңгейі жайлы мәлімет берді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Алматылық клуб басшысының сөзінше, Дастан Сәтпаевтың жалақысы шетелдік ойыншыларға қарағанда төмен. Сондай-ақ қазақстандық футболшылар арасында ең жоғары еңбекақыны бұған дейін Александр Заруцкий алғаны айтылды.
"Легионер қазақстандық ойыншыдан деңгейі жағынан жоғары болуы керек. Деңгейі жоғары болса, жалақысы да көбірек болатыны түсінікті. "Қайратта" Сәтпаевтан кім көп жалақы алады? Барлық легионерлер одан көп алады. Бізде белгілі бір талаптар бар: егер сен ұлттық құраманың ойыншысы болсаң және белгілі бір матч санын өткізсең, соған қосымша ақы төленеді. Айтпақшы, бізде кезінде Александр Заруцкий қымбат ойыншылардың бірі болды. Қақпашы болмағандықтан, сол кезде оны алуға шешім қабылдадық", - деді Қайрат Кеңесұлы ArchiBall YouTube-арнасына берген сұхбатында.
Айта кетейік, кеше "Тобыл" алматылық "Қайрат" командасымен Қазақстан Суперкубогы матчі аясында кездесті. Қостанайлықтар 5:4 есебімен жеңіске жетті.