Футболшы Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядта сүйіктісі Джорджина Родригес пен бес баласымен бірге тұрып жатыр.
Криштиану Роналдуға тиесілі жеке ұшақ Сауд Арабиясындағы АҚШ елшілігіне Иранның дрондарымен жасаған шабуылынан кейін Мадридке ұшып кетті. The Sun басылымының жазуынша, әуе көлігінде танымал футболшының бар-жоғы белгісіз, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы 1bol.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазіргі уақытта 41 жастағы Роналду Аль-Наср клубында өнер көрсетеді. Футболшы Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядта сүйіктісі Джорджина Родригес пен бес баласымен бірге тұрып жатыр.
Аль-Наср клубының келесі ойыны 7 наурызға жоспарланған. Команда Сауд Арабиясы чемпионатының 25-турында Неом командасымен кездесуі тиіс.
4 наурыз күні «Аль-Наср» Дубайдағы Аль-Васл командасына қарсы Азия чемпиондар лигасының плей-офф ойынын өткізеді деп жоспарланған едіү Алайда қауіпсіздік себептерімен ойын кейінге қалдырылып отыр.
28 ақпанда Израиль мен АҚШ Иранға қарсы ауқымды әскери операция бастаған болатын. Соның салдарынан Иран Батыс Азиядағы америкалық әскери нысандардың барлығына жауап соққыларын беруде.
Белгілі болған дерек бойынша 3 наурыз түнде Эр-Риядтағы АҚШ елшілігіне дрондармен шабуыл жасалып, шағын көлемде өрт болған.