$ 499.83  581.5  6.42

«Базарда жүрген еді»: Жазира Жаппарқұл Шымкентте лауазымды қызметке тағайындалды

Зілтемірші Шымкент қаласы ауыр атлетика федерациясының вице-президенті қызметіне кірісті.

Фото: www.instagram.com/shymkent.amanat
Фото: www.instagram.com/shymkent.amanat

Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері, ауыр атлет Жазира Жаппарқұл лауазымды қызметке тағайындалды, деп хабарлайды  Sn.kz ақпарат порталы.

Зілтемірші Шымкент қаласы ауыр атлетика федерациясының вице-президенті қызметіне кірісті.

Қуанышты хабармен алғашқылардың бірі болып спорт журналисі Аслан Қаженов әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.

«Базарда жүрген еді!

Жазираның жауапты жұмысқа кіріскенін көріп, қуанып отырмын. Яғни, ол Шымкент қаласы бойынша ауыр атлетика федерациясының вице-президенті. Осыдан жарты жыл бұрын базарда сауда жасап жүргенін естіп едім. Қазір спортқа жауапты министрлік сала ардагерлерін жіті назарға ала бастады. Соның бір көрінісі — батыр қыздың қызметке тағайындалуы. Шыны керек, о баста оның мәселесін әріптесім Нұрсейіт Жылқышыбай көтерген. Кейін құзырлы ведмоство басшылары мен ауыр атлетика федерациясының президенті қол ұшын созыпты. Жазираның берері көп екеніне сенімдімін. Әсіресе, жас спортшылардың шеберлігін шыңдап, тәжірибесімен бөліседі. Небір чемпиондардың шығуына ықпал етеді. Жалпы Жазира допинг дауына ілікпей, таза өз еңбегімен олимпиада биігін бағындырған қазақ қызы. Енді алдағы жұмысына да сәттілік тілейміз! Керемет жаңалық!», — деп жазды ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 6
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0